Директордың орынбасары

Мейрамхананы басқару барысына қатысады. Директор сияқты жаңа қонақтарды тарту, қызметкерлерді іріктеу және басқару және мейрамхананың күн сайын үздіксіз жұмыс істеуі үшін жауапты. Директордық орынбасары жаттықтырушылардың жұмысын үйлестіреді, мейрамхананың менеджерлер құрамын оқытуға және оларды сертификаттауға қолдау көрсетеді, тағылымдамадан өтушілерді жеке өзі менеджерлік қызметтерге үйретеді.

Оларды бір топқа біріктіріп және жақсы көңіл-күймен және позитивті қажырлылықпен жігерлендіре отырып, барлық қызметкерлерге нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуде жол көрсетеді. Ол өндірістің технологиялық процестерін сақтау, жабдықтың қалыпты жұмыс істеуі, сондай-ақ, қауіпсіздік техникасы ережелерін және санитарлық нормаларды сақтау үшін жауапты болады.

  • Жеке қасиеттері

    Ахуал

    Біздің мейрамханаларымыздағы позитивтілік және топтық жігер – бұл біздің бірінші кезекте ұстанатын ұстанымымыз. Біз адамдардың оң ниетіне сенеміз және әрбір адамның, әсіресе басқалардан ерекшеленуі арқасында топтың жұмысына елеулі үлес қосу әлеуетіне ие екендігіне сенімдіміз. Біз саналы түрде өзімізден ерекшеленетін адамдарды іздейміз және бұл бізге ой-өрісімізді кеңейтуге және дұрыс шешімдер қабылдауымызға мүмкіндік береді. Біз әрбір адамды оның әлеуетін барынша аша түсуге үйретеміз әрі қолдаймыз және көмектесеміз.

    Лайықты төлемақы және мойындау

    Табыс, табандылық, Компанияның стандарттарына сәйкестік міндетті түрде жоғары бағаланады. Сыйлық беру мақтау қағаздарынан бастап бағалы сыйлықтарға дейін күдіксіз әралуан болуы мүмкін. Бірақ адалдық және Компания игілігіне еңбек ету кепілді түрде ескерілетін болады.

    Білім

    Біздің Компания менеджерлерге арналған оқыту бағдарламасының 3 түрін пайдаланады. Біріншіден, бұл жаңа менеджерлерге арналған тренингтер. Бұл тренингтерде аттестаттаудан өткеннен кейін қызметкер жаңа қызметтегі жұмысқа толық дайын болады. Бұл бағдарламалар үміткердің лауазымына және дайындық деңгейіне байланысты жеткілікті ұзақ, олар 6-20 аптаға дейін болуы мүмкін. Екіншіден, жұмыс істеп жүрген менеджерлерге арналған семинарлар. Олардың мақсаты – кәсіби машықты арттыру, басқарудың жаңа технологияларын енгізу.

  • Ұстанымның артықшылықтары

    Әдеттегіден тыс ойла!

    Біз саған ерекше ойлауды, стереотиптер мен қалыпты жағдай шеңберінен тыс болуды үйретеміз. Бізбен бірге сен күн сайын жаңа білім алып, жаңа машықтарға ие боласың, жаңа адамдармен танысасың, ал жаңа идеялар мен ерекше шешімдерге көп кешікпей қол жеткізесің! Сен өмірден және өзіңнен жаңа көкжиектерді ашасың!

    Оңай қарым-қатынас жаса!

    Әрбір адаммен және әрқашан ортақ тіл табысу! Бұл мүмкін емес деп ойлайсың ба? Біз саған қарым-қатынас өнерінің құпиясын ашамыз. Қонақтармен немесе топпен жұмыс істеу - сен не қылсаң да, енді қажетті сөздерді әрқашан табасың!

    Көшбасшы бол!

    Сен жігерлендіресің, саған сенім артады және сенің соңыңнан ереді! Бізде сен тек қана басқаруды, сендіруді және өз тобыңды өзіңе ертуді үйреніп қоймай, сен өз өміріңнің барлық салаларында нағыз көшбасшы бола аласың!

    Өз армандарыңды жүзеге асыр!

    Мақсат қоя білу және оған қол жеткізу – табыстың кепілі. Біздің оң жай-күйіміз бен күш-қуатымыз – сенің жеңістерің үшін бұдан артық не болуы мүмкін? Бізбен бірге сен өз армандарыңды жүзеге асыра аласың!