Ауысым менеджерлері

Мейрамхананың үздіксіз жұмыс істеуі үшін жауап береді, ауысымдағы қатардағы қызметкерлердің арасында тапсырмаларды бөледі. Өзінің ауысымында қызметкерлер мен Қонақтар үшін қолайлы ахуалды қамтамасыз етеді. Дайындаудың технологиялық процестерінің сақталуын бақылайды.

Мейрамханада қызметкерлердің санитарлық нормаларды және қауіпсіздік техникасы ережелерін орындауын қадағалайды. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерінде көзделген талаптарды сақтайды.

  • Жеке қасиеттері

    Ахуал

    Біздің мейрамханаларымыздағы позитивтілік және топтық жігер – бұл біздің бірінші кезекте ұстанатын ұстанымымыз. Біз адамдардың оң ниетіне сенеміз және әрбір адамның, әсіресе басқалардан ерекшеленуі арқасында топтың жұмысына елеулі үлес қосу әлеуетіне ие екендігіне сенімдіміз. Біз саналы түрде өзімізден ерекшеленетін адамдарды іздейміз және бұл бізге ой-өрісімізді кеңейтуге және дұрыс шешімдер қабылдауымызға мүмкіндік береді. Біз әрбір адамды оның әлеуетін барынша аша түсуге үйретеміз әрі қолдаймыз және көмектесеміз.

    Лайықты төлемақы және мойындау

    Табыс, табандылық, Компанияның стандарттарына сәйкестік міндетті түрде жоғары бағаланады. Сыйлық беру мақтау қағаздарынан бастап бағалы сыйлықтарға дейін күдіксіз әралуан болуы мүмкін. Бірақ адалдық және Компания игілігіне еңбек ету кепілді түрде ескерілетін болады.

    Білім

    Біздің Компания менеджерлерге арналған оқыту бағдарламасының 3 түрін пайдаланады. Біріншіден, бұл жаңа менеджерлерге арналған тренингтер. Бұл тренингтерде аттестаттаудан өткеннен кейін қызметкер жаңа қызметтегі жұмысқа толық дайын болады. Бұл бағдарламалар үміткердің лауазымына және дайындық деңгейіне байланысты жеткілікті ұзақ, олар 6-20 аптаға дейін болуы мүмкін. Екіншіден, жұмыс істеп жүрген менеджерлерге арналған семинарлар. Олардың мақсаты – кәсіби машықты арттыру, басқарудың жаңа технологияларын енгізу.

  • Ұстанымның артықшылықтары

    Әдеттегіден тыс ойла!

    Біз саған ерекше ойлауды, стереотиптер мен қалыпты жағдай шеңберінен тыс болуды үйретеміз. Бізбен бірге сен күн сайын жаңа білім алып, жаңа машықтарға ие боласың, жаңа адамдармен танысасың, ал жаңа идеялар мен ерекше шешімдерге көп кешікпей қол жеткізесің! Сен өмірден және өзіңнен жаңа көкжиектерді ашасың!

    Оңай қарым-қатынас жаса!

    Әрбір адаммен және әрқашан ортақ тіл табысу! Бұл мүмкін емес деп ойлайсың ба? Біз саған қарым-қатынас өнерінің құпиясын ашамыз. Қонақтармен немесе топпен жұмыс істеу - сен не қылсаң да, енді қажетті сөздерді әрқашан табасың!

    Көшбасшы бол!

    Сен жігерлендіресің, саған сенім артады және сенің соңыңнан ереді! Бізде сен тек қана басқаруды, сендіруді және өз тобыңды өзіңе ертуді үйреніп қоймай, сен өз өміріңнің барлық салаларында нағыз көшбасшы бола аласың!

    Өз армандарыңды жүзеге асыр!

    Мақсат қоя білу және оған қол жеткізу – табыстың кепілі. Біздің оң жай-күйіміз бен күш-қуатымыз – сенің жеңістерің үшін бұдан артық не болуы мүмкін? Бізбен бірге сен өз армандарыңды жүзеге асыра аласың!