Мейрамхана қызметкері - жұмыс тәжірибесін талап етпейтін біздің компаниядағы бастапқы ұстаным
Егер сен ашық-жарқын, позитивті, жауапкершілікті, жылы-шырайлы, қажырлы болсаң - KFC компаниясына қош келдің! Егер сенің біздің компаниямен бірге дамуға ниетіңіз болса және егер сен ұйымдастыру қабілетіңді көрсетсең мұнда сені қызықты жұмыс, көптеген әсерлер және достар, сондай-ақ, перспективалы қызметте өсу күтеді.
Неге бұл бос орын дәл осылай аталады? Мейрамхананың барлық қызметкерлері бірге, бір топ болып жұмыс істейді. Бір-бірімізге көмектесіп және қолдай отырып, біз бірге жеңіске жетеміз! Мейрамхананың қызметкерлері жалығуды білмейді, өйткені жұмыс әралуан және қызықты: біз KFC фирмалық тағамдарын дайындаймыз және буып-түйеміз, біздің Қонақтарымыз өздерін көптен күткен ретінде сезінуі және бізге қайта-қайта келуі үшін оларға күн сайын қызмет көрсетеміз.
Біз – қонақтардың фанатымыз! Ал ең бастысы, біз ілгерішіл күш-қуатпен жұмыс істейміз, біздің көңіл күйіміз әрқашан жақсы және біз сол арқылы баршаға жылулық сыйлаймыз! Сенің жұмысың сені рақатқа бөлеп, жеткілікті жалақы және қызметтегі өсуіңе септігін тигізуі үшін біз сен үшін жақсы ынталандыру болып табылатын өтемақы бағдарламасын жасадық.
-
Ұстанымның артықшылықтары
Әдеттегіден тыс ойла!
Біз саған ерекше ойлауды, стереотиптер мен қалыпты жағдай шеңберінен тыс болуды үйретеміз. Бізбен бірге сен күн сайын жаңа білім алып, жаңа машықтарға ие боласың, жаңа адамдармен танысасың, ал жаңа идеялар мен ерекше шешімдерге көп кешікпей қол жеткізесің! Сен өмірден және өзіңнен жаңа көкжиектерді ашасың!
Оңай қарым-қатынас жаса!
Әрбір адаммен және әрқашан ортақ тіл табысу! Бұл мүмкін емес деп ойлайсың ба? Біз саған қарым-қатынас өнерінің құпиясын ашамыз. Қонақтармен немесе топпен жұмыс істеу - сен не қылсаң да, енді қажетті сөздерді әрқашан табасың!
Көшбасшы бол!
Сен жігерлендіресің, саған сенім артады және сенің соңыңнан ереді! Бізде сен тек қана басқаруды, сендіруді және өз тобыңды өзіңе ертуді үйреніп қоймай, сен өз өміріңнің барлық салаларында нағыз көшбасшы бола аласың!
Өз армандарыңды жүзеге асыр!
Мақсат қоя білу және оған қол жеткізу – табыстың кепілі. Біздің оң жай-күйіміз бен күш-қуатымыз – сенің жеңістерің үшін бұдан артық не болуы мүмкін? Бізбен бірге сен өз армандарыңды жүзеге асыра аласың!
-
Біз ұсынамыз
Менің бәріне үлгергім келеді!
Біз ыңғайлы жұмыс кестесін және мейрамхананы үйіңізге немесе оқу орныңызға жақын жерден таңдау мүмкіндігін ұсынамыз. Достар, демалыс, жұмыс, білім, спорт, жаңа әсерлер – бізбен бірге саған барлығына уақыт жетеді!
Мен дербес болуды қалаймын!
Болашақ – бұл осы шақ және ол сенің қолыңда. Толыққанды өмір сүр! Бәсекеге қабілетті жалақы саған дербес болуға мүмкіндік береді.
Менің дами түскім келеді!
Халықаралық компанияда жұмыс істеу – бұл өрлеу үшін ең жоғары мүмкіндіктер. Әрбір қызметкер үшін біз жеке оқу және даму жоспарын ұсынамыз. Қатардағы қызметкерден мейрамхана директорына дейін анағұрлым қашық емес!